Александр Мокин «Астана» клубының рекордшылар тізіміне енді
«Астана» клубының қақпашысы Александр Мокин бір айдан астам уақыт қақпасына гол жібермеген.
Қақпашы 2017 жылдың 1-ші сәуір күні Михаил Гавышевтың соққан голынан кейін, 5 ойын қатарынан өз қақпасына гол жіберген жоқ. Тек «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат 35 жастағы қақпашының «құрғақ» сериясын бұзып, гол соғып кетті.
Осылайша, Александр Мокиннің «құрғақ» сериясы 512 минутқа созылып, «Астана» клубының гол жібермеген қақпашылар тізімінде үшінші сатыға орналасты.
Үздік бестік төмендегідей:
1.Ненад Эрич 565 минут (29.04.12-16.06.12)
2. Владимир Логиновский 560 минут (19.06.13 – 19.04.14)
3. Александр Мокин 512 (01.04.17-02.05.17)
4. Ненад Эрич 440 (16.05.16 -20.06.16)
5. Алексей Белкин 431 (11.09.10 – 15.10.10)