Индиялық клуб футболшылары аштық жарияламақ
Индияның «Аиджал» футбол клубының ойыншылары команданың қайта құрылуына байланысты наразылығын білдірді. Команда футболшылары шеруге шығып, аштық жариялады. Бұл жайлы индиялық команданың твиттердегі ресми сайты жариялады.
«Аиджал» клубы сәуір айында Индия Суперлигасының жеңімпазы атанған. Ал федерация басшылығы Суперлига мен Индия чемпионатын біріктіріп, қайта ұйымдастырмақ. <br /><br />«Суперлига басшылығына ресми өтініш жібердік, егер бізді қанағаттандырмайтын жауап келсе, Индия спорт министріне, премьер-министрге, мемлекет басшысына және Азия футбол конфедерациясына хат жолдаймыз. Ал олар біздің жанайқайымызды тыңдамаса, шеруге шығып, өлгенше дейін аштық жариялауға мәжбүрміз », - делінген клубтың хаттамасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или