«Астананың» эмблемасына жұлдыз қойылды

«Астананың» эмблемасына жұлдыз қойылды

Енді «Астана» футбол клубының эмблемасы үстінде жұлдыз бейнеленеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Қазақстан Премьер-лигасының 10-шы турында «Астана» ойыншылары «Қайратқа» қарсы жаңа таңбамен ойнады.

Клуб басшылығы ҚР Чемпионатының Регламентіне сай осындай өзгеріс жасауға шешім қабылдаған.

Айта кетейік, Чемпионат Регламенті бойынша біріншілікті үш рет жеңіп алған клуб өз логотипінің үстіне алтын жұлдыз қоя алады.

cc75d1b52cb0845321a94162fe662038.png

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или