Пепе «Реалдан» кетіп, Қытайға ауыспақ
Мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Пепе «Корольдік клубтан» кетуге шешім қабылдады.
El Confidencial ақпаратына сүйенсек, португалиялық футболшы мансабын қытайлық клубтардың бірінде жалғастырмақ. Ол Аспан асты елінде үш жылдық келісім-шартқа қол қойып, жылына 15 млн еуро алып отырады. Пепе өз таңдауын «Хэбей Чайна Форчун» жасады деген мәлімет бар.
Айта кетейік, ойыншының «Реалмен» қазіргі келісім-шарты 2017 жылдың жазында аяқталады. Ал «Корольдік клуб» оған бір жылдық еңбек келісімін ұсынған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или