Карвахаль үш-төрт апта алаңға шыға алмайды

Карвахаль үш-төрт апта алаңға шыға алмайды

«Реалдың» қорғаушысы Даниэль Карвахаль жарақатының кесірінен үш-төрт апта алаңға шыға алмайды.

Айта кетейік, Карвахаль Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Атлетикоға» қарсы ойында жарақаттанған болатын.

AS ақпаратына сүйенсек, 25 жастағы футболшы тізе асты сіңірін жарақаттап алған екен. Осылайша, Карвахаль «Атлетикоға» қарсы қарымта матч пен Примераның қалған ойындарына қатыса алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или