«Ювентус» финалға бір қадам жақын

«Ювентус» финалға бір қадам жақын

УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында франциялық «Монако» өз алаңында италиялық «Ювентусты» қабылдады.

Алаң иелері ойынды белсенді бастап, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырған еді. Алайда есепті қонақтар ашты. 29-минутта Гонсало Игуаин Дани Алвестің тамаша пасын голға айналдырды.

Екінші тайм да осындай «сценариймен» басталды. «Монако» ойыншылары есепті теңестіру қажет екенін түсініп, алға ұмтылған. Бірақ тағы да «Ювентус» гол соғып кетті, бұл жолы да Алвестің пасынан соң Игуаин қанжығасын майлады.

Сырт алаңда өте қолайлы нәтижеге қол жеткізген Италия чемпиондары қалған уақытта осы есепті сақтап қала алды. Қорытынды есеп – 2:0.

Айта кетейік, қарымта матч 9 мамырда Туринде өтеді.

«Монако» - «Ювентус» 0:2 (0:1)

Голдар: 0:1 – Игуаин 29, 0:2 – Игуаин 59

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или