Эмиль Кенжесариев ақтөбелік жанкүйерлерімен кездесті
<span>«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Эмиль Кенжесариев жанкүйерлерімен кездесіп, қолтаңба берді</span>. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлім етті.
<span>«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Эмиль Кенжесариев «Ақтөбе» - «Тараз» командалары арасындағы ойынға қатысып, жанкүйерлерімен қауышты. Ақтөбелік жанкүйерлерді көрген сәтте ерекше қуанған спортшы бүгін қолтаңба беріп, жанашырларымен суретке түсті.</span>
<span>«Ұшақ Ақтөбеге қонған сәтте тұла бойым дірілдеп, толқып кеттім. Бұл жер маған өте ыстық. «Ақтөбенің» жанкүйерлері жақсы қабылдады. Тіпті көшеде танып қалып, тоқтап, суретке түсті. Ақтөбе-Тараз ойынын тамашалаған кезде менің аты-жөнім аталды. Сол кезде жанкүйерлер ыстық сәлемін жолдады. Бұл үлкен бақыт, қуаныш», - деді Кенжесариев. </span>
<span>Айта кетейік, биыл Ақтөбе футбол клубының құрылғанына 50 жыл толған. Соған орай «Ақтөбе» құрамында ойнаған атақты футболшылар, ардагерлер шақырылып, кездесулер ұйымдастырылады.</span>