«Аякс» «Лионды» тас-талқан етті
Бүгін футболдан УЕФА Еуропа лигасының жартылай финалындағы алғашқы матчы ойналды.
Голландиялық «Аякс» өз алаңында француздың «Лионын» қабылдаған. Алаң иелері қонақтарды тас-талқан етті.
Бірінші таймда Бертран Траоре мен Каспер Дольберг гол соққан. Үзілістен соң Амин Юнес есепті 3:0-ге жеткізді. Ал 66-минутта Матье Вальбуэна есеп айырмасын қысқарта алды.
Алайда, ойынның нүктесін голландиялықтар қойды. 71-минутта Траоре дубль жасады – 4:1, «Аякс» финалға бір қадам жақындай түсті.
«Аякс» - «Лион» 4:1 (2:0)<br />Голдар: 1:0 - 25' Траоре, 2:0 - 34' Дольберг, 3:0 - 49' Юнес, 3:1 - 66' Вальбуэна, 4:1 - 71' Траоре.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или