Елдос Ахметов: «Астанаға» қарсы ойындар қызық әрі ауыр өтеді

Елдос Ахметов: «Астанаға» қарсы ойындар қызық әрі ауыр өтеді

Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Елдос Ахметов «Астанаға» қарсы ойын жайлы пікірін айтты. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды. 

«Матчқа дейін айтқанымдай, «Астанаға» қарсы ойындар қызық әрі қиын болып жатады. Ойынды бірінші таймнан-ақ өз қолымызға ала алдық, сондай-ақ, Исламбектің өте әдемі шыққан голын атап өткім келеді. Өте көп мүмкіндік ұйымдастырдық, алға ұмтылдық және қарымта шабуылдарда жақсы ойнадық, тек соңғы жағы ғана сәтсіз болды.

Меніңше, қызық матч болды – қанша дегенмен, еліміздегі ең үздік екі команда кездесті. Енді жылдам айығып, «Атырауға» қарсы сырт алаңда өтетін келесі матчқа дайындалуымыз керек», - деді Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, ел чемпионатының 10-турында «Астана Аренада» жергілікті «Астана» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдаған болатын. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или