Зинедин Зидан: Шабуылда ғана емес, қорғаныста да сауатты ойнадық
«Реал» клубының бас бапкері Зинедин Зидан Чемпиондар лигасының жартылай финалдық кездесуінен кейін өз ойын айтты.
«Біз керемет ойын өрнегін көрсеттік. Үш гол соғу оңай шаруа емес. Алайда алда әлі қарымта кездесу күтіп тұр.
Криштиану – тума сұрмерген. Ол теңдесі жоқ футболшы. Барлық ойыншылар сапалы футбол көрсетті. Бүгін Иско оныншы нөмірлі ойыншының рөлін жақсы атқарды. Жас ойыншыларымыз да көзге түсті. Шабуылда ғана емес, қорғаныста да сауатты ойнадық», - деді Зидан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или