Төрешімен төбелескен ойыншы 4 жылға футболдан шеттетілді
Португалияның үшінші дивизионында «Канелас 2010» командасында ойнайтын Марко Гонсалвеш төрешіге шабуылдағаны үшін төрт жыл бес айға спорттан шеттетілді.
Келеңсіз жайт бір ай бұрын орын алған. 34- жасар шабуылшы ойында қызыл қағаз алған, төреші шешімімен келіспе оған шабуыл жасаған. Соңында төрешіні тізесімен теуіп жарақаттаған.
Ойыншы төрешіні ұрғаны үшін төрт жылға, қоқан лоққы ңөрсеткені үшін екі айға, қарсылас команданың ойыншыларына шабуыл жасағаны үшін үш айға, барлығы төрт жыл, бес айға футболдан аластатылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или