«Ақтөбе» өз алаңында «Таразды» ұта алмады

«Ақтөбе» өз алаңында «Таразды» ұта алмады

Ел чемпионатының 10-шы туры «Ақтөбе» үшін ерекше болатын.

Команда маусымда алғаш рет Орталық стадионда ойнады. Қарсылас – «Тараз». Үлкен футболды сағынып қалған жанкүйерлер де матчқа көптеп келді. Жауапкершілікті сезінген «Ақтөбе» ойыншылары бірден алға ұмтылған. Алайда тараздықтар сауатты қорғана алды. Тіпті, 24-минутта қонақтар есеп ашып кетті. Қарымта шабуылдарға иек артқан қонақтар Максим Фещуктің арқасында алға шықты.

Үзілістен кейін ақтөбеліктер бар күшімен алға ұмтылды және сонығ жемісін көрді. 58-минутта Бауыржан Байтана сол қанатта айып соққысын орындап, алыс бұрышты дәл көздеді – 1:1. Матч осы есеппен аяқталды.

Осы ойыннан соң командалардың турнир кестесіндегі жағдайы айтарлықтай өзгерген жоқ. «Тараз» 7 ұпаймен 9-шы орында тұр. Олардан бір ұпайы кем «Ақтөбе» 11-ші орынға түсті.

«Ақтөбе» - «Тараз» 1:1 (0:1)

Голдар: <span> </span>0:1 – Фищук 24, 1:1 – Байтана 58

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или