Астаналар дербиі тең аяқталды

Астаналар дербиі тең аяқталды

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының оныншы турында астаналар дербиі өтті.

Елордалық клуб оңтүстік астаналық «Қайратты» қабылдаған. Жанкүйерлер арасында «Ел классикосы» аталып кеткен матч жақында ғана жөндеуден өткен «Астана Аренада» болды.

Кездесудегі алғашқы голды алматылық футболшылар соқты. Исламбек Қуат айып алаңына енбестен, алыстан жойқын соққы бағыттады. Александр Мокин бұл допқа керіле секіргенімен, өз командасын құтқарып қала алмады. Осылайша, қонақтар үзіліске жеңімпаз атағымен кетті.

Үзілістен кейін командаларда есепті өзгертетін мүмкіндік молынан болды. Алдымен Исаэль, артынша Кабананга гол соғуға жақын болған.

Тек 86-минутта ғана таблодағы көрсеткіш өзгерді. Ел чемпионы <span>Срджан </span>Гроховац соққан голдың арқасында жеңілістен құтылып кетті. Қорытынды есеп – 1:1.

Осы матчтан кейін «Астана» мен «Қайраттың» арасы өзгерген жоқ. 23 ұпайы бар елордалықтар көш басында қала берді. Үшінші сатыдағы «Қайрат» олардан төрт ұпайға қалып тұр.

«Астана» - «Қайрат» 1:1 (0:1)

Гол: 0:1 – Қуат 34, 1:1 <span>–</span> Гроховац

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или