«Ордабасы» қонақта «Ертісті» ұтты
Павлодарлық «Ертіс» өз алаңында шымкенттік «Ордабасымен» күш сынасты.
Қазақстан Премьер-лигасының оныншы турында павлодарлықтар маңызды ойында жеңіліп қалды. «Ертіс» те, «Ордабасы» да турнир кестесінде жоғары орындарда тұрған.
Бірінші таймда футболшылар гол соға алған жоқ. Ал үзілістен соң жанкүйерлер бір гол көрді. Павлодарлық жанкүйерлердің өкінішіне қарай, бұл голды қонақтар соқты.
75-минутта Пабло Фонтанелло қанжығасын майлады. Осы голдың арқасында «Ордабасы» үш ұпай еншіледі.
Осылайша, 19 ұпай жинаған шымкенттіктер үшінші сатыға көтерілді. Ал төртінші орындағы «Ертіс» олардан екі ұпайға қалып келеді.
«Ертіс» - «Ордабасы» 1:0 (0:0)
Гол: 1:0 – Фонтанелло 75
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или