«Қайсар» тағы да жеңілді

«Қайсар» тағы да жеңілді

Қазақстан Премьер-лигасының 10-шы турында «Атырау» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдады.

Жанкүйерлер ойында бір ғана гол көре алды. Екінші таймның басында қонақтар өз айып алаңында Марат Хайруллинді шалып құтақан. Төреші он бір метрлік айып соққысын белгіледі. Нүктеге келген Новица Максимович мүлт кеткен жоқ. Бұл ойындағы жалғыз ғана гол болды. Қорытынды есеп – 1:0.

Осы жеңістің арқасында «Атырау» 6-шы ұпайына қол жеткізді. Естеріңізде болса, «мұнайшылар» маусымды минус 9 ұпаймен бастаған болатын. Артынша алты ұпайы қайтарылды.

Ал чемпионатты сәтті бастаған «Қайсар» жеті ойын бойы жеңіске жете алмай келеді. Соңғы үш матчта жеңіліп қалды. Осылайша «қасқырлар» 7-ші орынға сырғыды.

«Атырау» — «Қайсар» 1:0 (0:0)<br /> Гол: Максимович пенальтиден 49 (1:0). 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или