Марио Балотелли жеке рекордын қайталады

Марио Балотелли жеке рекордын қайталады

«Ницца»  шабуылшысы Марио Балотелли өзінің жеке рекордын қайталады.

Франция чемпионатының 35-ші турында «Ницца»  өз алаңында ПСЖ командасын қабылдап 3:1 есебімен жеңген болатын. Кездесудегі бір голды Балотелли өз еншісіне жазып маусымда соққан голдарының санын он төртке жеткізді. Мариоға 14 гол соғу үшін 21 ойын қажет болған. Дәл осыншы голды ол 2013/14 маусымда «Милан»  қатарында жүріп соққан. Алайда ол кезде ол отыз ойын өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или