Масудов: Легионерлерден көп нәрсе күтеміз

Масудов: Легионерлерден көп нәрсе күтеміз

«Ақжайықтың» бас бапкері Вахид Масудов «Қайратқа» қарсы ойын жайлы пікір білдірді.  

«Көп ештеңе айтпаймын. Екі таймның басында да гол жіберіп алдық. Бұлай жасауға болмайды. Алматылықтардың шеберлігі өз дегенін істеді.

Цхададземен сөз таластырған сәт пе? Бұл ойын жағдайы. Ойын соңында бір-біріміздің қолымызды алдық. Бәрі жақсы.

Легионерлерден көп нәрсе күтеміз. Олар бәсекеге қабілетті чемпионатқа келгенін білуі тиіс. Аренас жарақат алды. Оны бүгін шығармауымыз керек еді», - деді Масудов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или