Цхададзе: Бүгін ойлағанымыздың бәрі іске асты
«Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе ойын соңында пікір білдірді.
«Клуб атынан жақында қызды болған біздің дәрігер мен Исламбекті құттықтаймын.
Бүгін жеңіске жету керек болды. Босаңсуға жол бермеуіміз керек еді. Қақпада жас ойыншы тұрды. Орталық қорғаныста осыған дейін аз ойнаған футболшылар болды. Оралдық команда қарымта шабуылда жақсы ойнайды. Бірақ бұл бүгін іске аспады. Орталық жартылай қорғаушылар Жуков пен Қуат жақсы ойнады. Енді бізді ең маңызды ойын күтіп тұр. Сол матчқа дайындаламыз.
Грубов па? Ол өте сабырлы ойнады. Біздің футболшылар оған барынша қолдау көрсетті.
Әбікен бе? Оған мотивация беру керек болды. Ойын соңына дейін 4 минут қалған болатын. Біз Академия түлектеріне бірінші команданың есігі ашық екенін көрсетуіміз қажет», - деді маман.