«Қайрат» «Ақжайықтың» тас талқанын шығарды

«Қайрат» «Ақжайықтың» тас талқанын шығарды

ҚПЛ-ның тоғызыншы турында алматылық «Қайрат» клубы өз алаңында  «Ақжайықты» қабылдады.

Ойынның бірінші минутынан бастап алаң қожайындары қарсыласын қыспаққа алып, басымдығын айқындады. Нәтижесінде оралдық команда психологиялық қысымдықты көтере алмай бірінші минутта-ақ қақпасына гол жіберді. Голдың авторы алматылық команданың капитаны Бауыржан Исламхан атанды. «Қайрат» командасы бір голмен шектелмей қарсылас қақпасына шабуылдарды жаудырды. Оралдық клубтың қақпашысы Денис Төлебаев Иво Иличевич пен Жерар Гоудың соққыларын қайтарды. Сол шабуылдадың бірінде Исаэль жеке шеберлігінің арқасында сол қанатта қарсыластарын қапы қалдырып, командаласы Жерар Гоудың бос қақпаға гол соғуына барлығын жасады. Таймның соңына таман Кахабер Цхададзе шәкірттері қарқындарын бәсеңдетті. Осылайша алғашқы жартылықта алматылық клуб жанкүйерлеріне тек екі гол сыйлады.

Екінші таймда Вахид  Масудов шәкірттері алаң қожайындарына тосқауыл бола алмады. Исламхан ойынның  48-ші минутында дубль авторы атанса, он миуттан кейін Гафуржан Суюмбаев есепті  4:0-ге жеткізді. Қарсылас команда тек кездесудің 82-ші минутында Валиулиннің көмегімен бір гол соғып, қанағат тұтты.

Айта кетейік, бүгінгі ойында «Қайраттың» жас ойыншысы Әбікен Айбол мен Олег Грубов ҚПЛ-ғы өздерінің алғашқы кездесулерін өткізді.

 ҚПЛ 9-шы тур, Алматы қаласы, 29-шы сәуір, «Орталық стадион».

«Қайрат» -«Ақжайық» (2:0)

«Қайрат»: Грубов, Иличевич, Суюмбаев, Элек, Ахметов, Ворговский, Қуат, Исламхан, Барбоза, Жуков, Гоу

«Ақжайық»: Төлебаев, Коронель, Николич, Одибе, Азука, Дельгадо, Валиулин, Шабаев, Шмидт, Заречный, Ерсалимов

Голдар: Исламхан ( 1, 48), Гоу (32), Суюмбаев (58) — Валиулин (82)

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или