Стоилов: Ойын нәтижесіне емес, сапасына мән беруіміз керек
«Астананың» бас жаттықтырушысы Станимир Стоилов ойын туралы пікірімен бөлісіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы «Астана» ФК баспасөз қызметі хабарлады.
— Бүгін жігіттер жеңіске жету үшін барын салды. Ойын алдында команда ойыншыларына берілген тапсырма да сол болатын. Алаңда сапалы ойын көрсете алмасақ та, бастысы бүгінгі кездесуде жеңіске жеттік. Ал жалпы алғанда екі команда да жинақы ойын көрсетті.
— Станимир, дәл бүгінгідей алаңда ең бастысы команданың нәтижесі деуге бола ма?
— Иә, әрине. Егер алаң сапасы жақсы болғанда «Қайсар» командасы да бүгін лайықты дәрежеде ойын үлгісін көрсетер еді. Бүгінгі кездесумен салыстырғанда мүлде басқа ойын болар еді. Маусым басындағы «Қайсардың» «Астана Аренадағы» «Шахтерге» қарсы ойынын арнайы тамашалағанмын. Сол кезде қызылордалықтар мені қатты таң қалдырған еді. Жалпы бүгінгі ойында алаң екі командаға да бірдей болды. «Қайсар» сапында тәжірибелі ойыншылар жетерлік және де бапкерінің жасап жатқан жұмысын да ерекше атап өтуге болады. Біз ойынның нәтижесіне емес, сапасына мән беруіміз қажет.
— Станимир, Марин Аничичті алмастыруыңыздың себебі неде?
— Бірінші таймда Марин сары қағаз алып қалды. Одан бөлек аздаған жарақаты болды. Алда алматылық «Қайратқа» қарсы жауапты кездесу барын ескеріп, алмастыруды жөн көрдім.