«Тобыл» мен «Ертіс» ұпай бөлісті

«Тобыл» мен «Ертіс» ұпай бөлісті

ҚПЛ-дың тоғызыншы туры аясында «Тобыл» өз алаңында «Ертісті» қабылдады.

Екі команда ойында шабуылмен бастады. Бірақ қақпаға дәл соққы бағытталмады. Алғашқы он минуттықта қонақтадың ойыншы алмастыруына тура келді. Есімов жарақат алып, оның орнына Калинин шықты. Екінші он минуттықта «Ертіс» қауіпті айып добын орындады. Фонсека бағыттаған соққы қақпадан сәл қиыс кетті. Одан кейін алаң иелері бірнеше қарымта шабуыл ұйымдастырды. Деспотович пен Жаңғылышбайдың есеп ашуға мүмкіндігі болды. Бірақ Лория мен қорғаушылар шабуылға тосқауыл бола алды. 30-шы минуттан кейін Джедже қостанайлықтардың қақпасына соққы бағыттады. Дегенмен бұл да нәтижесіз аяқталды. Алғашқы таймда есеп ашылмады.

Екінші тайм «Ертістің» шабуылымен басталды. Фонсека қапталдан сытылып шығып, Калининге пас шығарды. Илья соққы бағыттап, қақпа бағанасына тигізді. 55-ші минутта Деспотович пен Главина Лорияның қақпасына қауіп төндірді. Бірақ қостанайлықтар есеп аша алмады. Екі ұжым да қақпадан саңылау табуға тырысты. Бірақ бұның бәрі еш нәтижесіз аяқталды. Қорытынды есеп - 0:0. Екі команда бір ұпайдан алды. 

ҚПЛ. 9 тур. Қостанай

«Тобыл» - «Ертіс» - 0:0

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или