«Астана» сырт алаңда «Қайсардан» басым түсті
Ел чемпионатының тоғынызыншы турында «Қайсар» өз алаңында «Астанамен» кездесу өткізді.
Қызылордалық клуб екінші нөмірмен ойнауды жөн көрді. Астаналықтар аңдыспай шабуылға кірісті. Твумаси бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Ойын басында олар нәтиже бермеді. Бірақ 28-ші минутта Твумаси есеп ашты. Көп ұзамай Маевский есепті еселей түсті. Бірінші таймда 0:2 есебімен қонақтар басым түсті.
Екінші таймда ойын бір қалыпты өтті. Алаң иелері есеп айырмасын қысқартуға тырысса, елордалықтар өз ойынын көрсетіп, бәрін бақылауда ұстады. 73-ші минутта Марсель Исламқұлов өз алаңында тәртіп бұзып, алаңнан қуылды. 75-ші минутта Роман Муртазаев пенальтиден гол соқты.
ҚПЛ. 9-тур. Қызылорда
«Қайсар» - «Астана» - 0:3
Голдар: Твумаси 28, Маевский 34, Муртазаев (пенальтиден) 75
Алаңнан қуылды: Исламқұлов