«Реал» «Барселонадан» тағы ұтылды
Ливан астанасы Бейрутте «Барселона» мен «Реал» арасында кездесу өтті.
Бұл жолы жасыл алаңға қос клубтың аңыз ойыншылары шықты. Кездесуде каталондық клубтың аңыз ойыншылары 3:2 есебімен жеңіске жетті.
«Барселона» қатарынан Людовик Жюли екі гол соқса Симау Саброза бір голды еншісіне жазды. Соғылған үш голдың барлығында Роналдиньо голдық пас берді. Ал мадридтік клуб жейдесімен шыққан команда қатарынан Фернандо Санс пен Хави Герреро мергендік танытты.

Естеріңізге салсақ, Испания чемпионатында қос команда соңғы рет кездескенде дәл осы 3:2 есебі тіркеліп, каталондықтар жеңісті тойлаған болатын.
«Барселона» клубының аңыз ойыншылары келесі кездесуін «Камп Ноу» стадионында 30-шы маусым күні «Манчестер Юнайтед» аңыздарына қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или