Ибрагимович МЮ-дің жаңа келісімшартынан бас тартты
Швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович «Манчестер Юнайтедпен» келісімін неліктен ұзартпағанын айтты.
- Жарты жыл ойнамай, жалақы алғым келген жоқ. Мен ондай футболшы емеспін, - деді Златан.
Естеріңізге сала кетсек, Ибрагимовичтің МЮ-мен келісімі маусым соңында аяқталады. «Қызыл сойқандардың» басшылығы швециялық шабуылшыға жаңа келісімшарт ұсынған болатын, бірақ Ибра бас тартты.
Айта кетер жайт, 35 жастағы футболшы ауыр жарақатына байланысты 8-9 ай мерзімде жасыл алаңға шықпайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или