Футбол әуесқойлары Хан Тенгриде кездеспек

Футбол әуесқойлары Хан Тенгриде кездеспек

Сәуірдің 30-ы «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында алып шаһарда аула командалары арасында «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмеге арналған футбол лигасының кезекті ойындары өтеді.

Сегіз жастан жоғары футбол әуесқойлары Мұстафин, 54, Қарғалы (Саина, к-сі бұр.к. Асқарова) көшесінде орналасқан Хан Тенгри футбол алаңында кездеседі.

Футбол ойындары «Maxi чай» қолдауымен екі жас санатты бойынша ақысыз ұйымдастырылады. Біріншісі - «А» лигасы –8 жастан 14 жасқа дейін, ал екіншісі, «Б» лигасы –15 жастан жоғары. Регламентке сәйкес, әр командада 8 ойыншыдан артық болмау қажет, алаңда 6 немесе 5 (алаңға байланысты) ойыншы және қақпашымен қоса.

Айта кетер жайт, 8-14 жас аралығындағы ойындар 9:00-де басталса, 15 жастан жоғары футболшылар арасында сағат 13:00-де басталады.

Шағын футболдан турнир Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жеткіншектерді, жастарды және қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды алып шаһарда насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі.

Сонымен қатар, бұл ойындар «Спорттык Алматы» жобасы аясында осымен төртінші рет ұйымдастырылып жатыр. Алдыңғылары «Нархоз», АУЭС және Си Синхай футбол алаңдарында өткен болатын. Жалпы онда 3000-нан астам адам қатысқан.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен медальдермен мараптталады. Сондай-ақ, «Ең үздік қақпашы», « Ең үздік қорғаушы» және «Ең үздік шабуылшы» номинациялары бойынша үздіктер анықталады.

«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы мегаполистегі спорттың дамуына және белсенді тынығуға бағытталған. Жоба осы атаумен алдыңғы жылы басталып, бүгінде қала тұрғындарын түрлі спорттық шаралармен қуантып келеді.

Мекен-жайы: Хан Тенгри футбол алаңы, Хан Тенгри ықшам ауданы, Саина, к-сі бұр.к. Асқарова.

Уақыты: «А» лигасы - 9:00 «Б» лигасы - 13:00

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или