Танымал бразилиялық футболшы бүлік шығарды (Видео)
«Палмейрас» клубының жартылай қорғаушысы Фелипе Мело топтық төбелестің басталуына себепкер болды.
Либертадорес кубогының «Палмейрас» пен ургувайлық «Пеньяроль» (3:2) командалары арасындағы кездесуінен кейін футболшылар өзара төбелесті. 33 жастағы бразилиялық ақтық сықырық естілген соң қарсылас команданың ойыншысын тепкіге салды. Артынан екі клубтың ойыншылары да қарап тұрмай, айқасқа кірісіп кетті. Мелоның өзі алаңнан кетіп қалмақшы болған. Ал ашулы спортшыларды тек полиция қызметкерлері мен стюардттар тоқтата алды.
Айта кетейік, Мело италиялық «Фиорентина» (2008 — 2009), «Ювентус» (2009 — 2011) және «Интер» (2015 — 2017) командаларында өнер көрсеткен танымал футболшы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или