Джафар Ирисметов: «Астана» қатарынан төртінші рет ел чемпионы атанады

Джафар Ирисметов: «Астана» қатарынан төртінші рет ел чемпионы атанады

Қазақстан чемпионатындағы үздік шабуылшылардың бірі, бүгінде өзбекстандық «Ободты» жаттықтыратын Джафар Ирисметов 2017 жылғы ҚПЛ жүлдегерлері туралы болжамын айтты.

«Меніңше, «Астана» қатарынан төртінші рет ел чемпионы атанады. Елордалық команда лигада тамаша өнер көрсетіп жүр, бапкері тамаша, құрамы тұрақты, футбол инфрақұрылысы жоғары деңгейде. Қысқасы, мақсатты орындау үшін барлық жағдай жасалған.

2-ші және 3-ші орындарға «Ертіс» пен «Қайрат» таласады. Оларға «Ордабасы» мен «Тобыл» да бәсекелес болуы мүмкін. Басқа тағы біреуі де үштікке еніп кетуі мүмкін. «Қайсардың» сәтті бастауы қазақстандық футболда бәсекелестіктің жыл сайын өсіп жатқанын көрсетеді», - деді Ирисметов.

Айта кетейік, Джафар Ирисметов 2004 жылы Қазақстан чемпионы болса, 2006 және 2007 жылдары чемпионаттың үздік сұрмергені атанған болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или