Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму Кубогын» жеңіліспен бастады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму Кубогын» жеңіліспен бастады

УЕФА Даму Кубогының алғашқы матчында Карлош Ферер шәкірттері жергілікті Черногориямен кездесті.

Турнир қожайындары ойынның 11-минутында алға шықты. Төрт минуттан соң черногориялықтар есепті еселеді.

Үзілістен кейін қазақстандықтар есеп айырмасын қысқартуға тырысқан, алайда қарсылас сауатты қорғана білді. Нәтижесінде Черногория 2:0 есебімен жеңді.

Қазақстандықтар (U-17) келесі матчын Босния және Герцеговина құрамасына қарсы өткізеді. Матч 27 сәуірде Астана уақытымен 15:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или