«Аякс» стадионына Йохан Кройфтың есімі беріледі

«Аякс» стадионына Йохан Кройфтың есімі беріледі

Амстердамдық клуб ресми сайтында стадионның аты ауысатындағын хабарлады.

Жақын күндері «Аякс» аренасына команданың аңыз ойыншысы Йохан Кройфтың есімі берілетін болады. Бүгін тірі болғанда Йохан Кройф 70 жасқа толар еді.

Естеріңізге салсақ, Кройф 2016-ші жылдың 24-ші наурызында қатерлі ісік салдарынан қайтыс болған. Спорттық мансабының көп бөлігін «Аякс» және «Барселона» клубтарында өткізген. Амстердамдық команда қатарында 1964-1973 және 1981-1983 жылдар аралығында ойнаған. Голландия чемпионатын сегіз рет ұтып, ел кубогында бес мәрте жеңімпаз атанған. Қазіргі чемпиондар лигасы аталып жүрген турнирде үш рет топ жарған. 1971-ші жылы «Алтын доп» иегері атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или