Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары белгілі болды
Швейцарияның Ньон қаласына әйелдер арасында 2019 жылы өтетін әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңіне жеребе тартылды.
Қазақстан құрамасы алғашқы топқа түсті. Футболшы қыздарымыз бұл топта Англия, Ресей, Уэльс, Босния және Герцеговина құрамасымен күш сынасады.
Жеребе тарту рәсіміне Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Айтпай Жамантаев барды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы кезеңде өз тобында бірінші орын алған болатын. Ал негізгі іріктеу кезеңінің матчтары 2017 жылдың қыркүйегінде өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или