Месси ойын ортасындағы үзілісте сынған тісін түкіріп тастады (Видео)
«Реал» - «Барселона» кездесуінде ерін жарақатын алған Мессидің тісі де түсіп қалғаны белгілі болды. Бұл оқиғаның бейнетаспасы желіде кеңінен тарады.
«Барселона» мен Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси ойын ортасындағы үзілісте сынған тісін түкіріп тастады. Естеріңізге салайық, «Эль-Классиконың» бірінші таймында Мессиді бразилиялық қорғаушы Марсело шынтағымен қасақана ұрып, ерінін жарған.
Алғашында шабуылшының еріні жырылды делінген. Алайда бейнетаспаға сүйенсек, оның тісі де сынғаны анықталды.
Айта кетейік, «Реал» - «Барселона» кездесуі каталонықтардың жеңісімен аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или