Пике: «Реал» ойыншылары төрешінің көмегімен жеңіске жетіп жаман үйреніп қалған
Испания чемпионатындағы «Реал» мен «Барселона» кездесуінен кейін каталондық клубтың қорғаушысы Пике кездесу туралы ойын айтты, деп хабарлайды Marca.
«Барселона» чемпиондық таласта алға үлкен қадам жасады. Ойын нәтижесі әділ болды деп есептеймін. «Бернабеу» алаңында жеңіске жету әрқашан қиын. Жалпы ойында біз қарсыластардан басым болдық деп ойлаймын.
Рамостың қызыл қағазы? Бұл таза қызыл қағаз. Ол екі аяғымен ойыншыға секірді. Алайда олар төрешінің көмегімен жеңіске жетіп жаман үйреніп қалған. Бұл жолы ойлағандары жүзеге аспады», - дейді Пике.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или