Зинедин Зидан: «Барселона» - футбол ойнаудың қас шебері
«Реал» клубының бас бапкері Зинедин Зидан Испания примера дивизионы 33-ші турының «Барселона» (2:3) командасына қарсы кездесуден кейін өз ойымен бөлісті.
«Ойын барысында өз мүмкіншіліктерімізді сәтті қолдансақ, жеңіске жетер едік. Алайда барлығы ойлағандай болмады. «Барселона» - футбол ойнаудың қас шебері. Олар қарсыласқа қиыншылық тудыруды біледі. Рамостың қызыл қағазы? Төрешінің шешімімен келісу керек. Ал чемпионат кестесінде еш нәрсе өзгерген жоқ. Чемпион атану өз қолымызда тұр. Ұтылғанымыз өкінішті. Месси? Мессиді құттықтаймын. Ол болған мүмкіншіліктерін голға айналдыра алды», - деді Зидан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или