Макгрегор: Өз ұлымды да жаттықтырамын
Конор Макгрегор болашақта өз ұлын аралас жекпе-жекке үйреткісі келетінін айтты.
«Спортшылармен жұмыс істеп, олардың дамып жатқанын көрген ұнайды. Бүгінгі күнде мен көптеген оқушыларымды тәрбиелеп шығардым. Солардың бірі жақында UFC-де жұдырықтасады. Менің ұлым дүниеге келгенде, оны әкесі секілді чемпион болу үшін жаттықтырамын. Соны күтіп жүрмін», - деп жазды ирландиялық спортшы өз Инстаграмында.
Айта кетейік, Макгрегордың ұлы, шамамен, мамырда дүниеге келеді деп күтілуде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или