Алматыда көркем гимнастикадан халықаралық чемпионат өз мәресіне жетті

Алматыда көркем гимнастикадан халықаралық чемпионат өз мәресіне жетті

Алып шаһарда көркем гимнастикадан ашық халықаралық чемпионат аяқталды.

Бұрымдылар «Темір Дос» спорт кешенінде бас қосып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Жарысқа Алматы мен еліміздің түкпір-түкпірінен және Қырғызстаннан 210-ге жуық спортшылары өзара мықтыны анықтады.

Айта кетер жайт, чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары мен көркем гимнастиканың шеберлері қатысты. Олар спортшыларға сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі. Сонымен қатар, кішігірім концерттік бағдарламада еліміздің бұрымдылары өз өнерлерін ортаға салды.

d25f163026e3b97fd61288bdd092c032.jpg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат ашық болғандықтан барлық қатысамын деушілер шеберліктерін таныта алады.

Светлана Леонидовна жарыстың бас төрешісі:

- Чемпионат жыл сайын өтеді. Бұл жоспарланған турнир. Осында біз қала құрамасының жоғарғы жастағы мүшелерін қарастырамыз. Сонымен қатар, бізде қалалық біріншілік бар, онда он екі жастан кіші гимнастшылар бәстеседі. Ал бүгін он екі жастан жоғары қыздар додаға қатысуда. Жақында біз жастар ойындарынан оралдық. Онда ОРМБЖМ №11 құрама командасы алтын жүлде олжалады. Осы жылы олар толық құраммен ҚР құрамасына кірді. Сондай-ақ, бүгінгі чемпионаттың жұлдыздары, әйгілі спортшылары. Біз оларды мақтан тұтамыз!

Спорттағы сұлулық дегенде, алдымен ауызға көркем гимнастика түседі. Көрермендер де бұл әдемілікке бейжай қарай алмай, спортшыларды барынша қолдап отырды.

Дарья Рагимова чемпионаттың қатысушысы:

- Қатысушы қыздардың көпшілігі топтық және жеке жаттығуларда өнер көрсетеді. Маған топтық жаттығулар ұнайды. Біз өзара байланысты болғандықтан, бір бірімізді қолдай аламыз. Біздің команда екеуінде де шеберліктерін танытты. Мен спорт шеберіне үміткермін.Алайда бүгін қобалжудан болар, құралымды ептеп ұстай алмай, екі рет жоғалтып алдым. Жалпы алаңда жақсы энергетика, көрермендердің қолдауы күш-жігер сыйлады. Бүгін алматылық гимнастшыларға өнер көрсету жеңілдеу, өйткені күнделікті жаттығып жүретін залымыз бізге таныс. Ал басқа облыстардан келген қыздарға кішкене күрделілеу. Айта кетсем, барлық ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін!

Атап өтсек, екі күн бойы қатысушылар шеберліктерін танытып, өнерлерін паш етті. Бүгін турнирдің салтанатты жабылу рәсімі өтіп, жеңімпаздар анықталды. Байрақты бәсекенің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль мен

дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, Универсиада-2017 мұрасынан қалған ескерткіштер сыйға тартылды.

Чемпионат қатысушыларының нәтижелері:

Топтық жаттығулар 2002-2004

I орын – СДЮСШОР № 11

II орын– ШГ Кербез

III орын – ВКО

Топтық жаттығулар 2005-2006 гг

I орын – СДЮСШОР № 11

II орын – СДЮШОР № 1

Жеке жаттығулар 2006

I орын – Антипова Алина

II орын – Толегазы Алтынай, Титовская Кира

III орын – Раченкова Мария, Турысбекова Аружан, Мурат Амина

2005

I орын – Рузина Татьяна

II орын – Мухамеджан Тогжан, Турсынбек Нурай

III орын – Толеухан Еркежан, Гриценко Анна

2004

I орын – Какимова Сабина, Джадайбаева Жанель

II орын – Даурен Томирис, Бейсен Дильназ

III орын – Каражигитова Марьям, Клишина Анна, Ахметбек Алина

2003

I орын – Касаткина Анастасия, Адамбаева Эльвира

II орын – Алисултанова Асима

III орын – Абилева Адема

2002

I орын – Шажанбаева Камиля

II орын – Алина Алла

III орын – Ясюнас Жанна

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или