«Арсенал» Англия кубогының финалына шықты
Арсен Венгердің шәкірттері Англия кубогының жартылай финалында «Манчестер Ситимен» кездесті.
Тартысты өрбіген ойын 2:1 есебімен лондондық команданың пайдасына шешілді. Айта кетер жайт, жеңісті гол овертаймда соғылды. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.
Осылайша, финалда «Арсенал» кеше «Тоттенхэмді» жеңген «Челсимен» күш сынасады.
«Арсенал» - «Манчестер Сити» 2:1
Голдар: Монреаль 71, Санчес 101 – Агуэро 62
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или