Кахабер Цхададзе: «Біздің футболшылардың деңгейі жоғары»
Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе павлодарлық «Ертіске» қарсы ойын жайлы пікірін айтты. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.
- Бүгінгі матч екі бөліктен тұрды: бірінші тайм және екінші тайм. Біріншісінде біз жылдам гол соғып, қоя қойдық. «Ертіс» өз голдарын соға алды. Әрине, алаң ортасында көп жекпе-жекті жеңіліп қалдық, осының және үлкен ниетінің арқасында «Ертіс» бізден бірінші таймда басым түсті. Екіншісін бәріңіз көрдіңіздер. Он ойыншымен қалсақ та, екі гол соғып, қарсыласты тықсырып тастай алдық. Бірінші таймда солай ойнауымыз керек еді. Ойын туралы шешім шығарамыз, екінші тайм үшін алғыс айтамын. Тағы да гол соға алатын едік, мүмкіндіктер болды. Әрине, біздің футболшылардың деңгейі жоғары, мінез көрсету керек болатын, олардың қолынан келді.