Димитар Димитров: «Мұндай нәтижеге кінәлі бәріміз»

Димитар Димитров: «Мұндай нәтижеге кінәлі бәріміз»

Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері алматылық «Қайратқа» қарсы кездесу жайлы өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз-қызметі жазды. 

- Осындай ойын үшін өте өкінемін. Бірінші таймда 3:1 есебімен жеңіп жаттық, олардың ойыншылары алаңнан қуылды. Біз дәл осылай ойнайтынымызға сене алмай отырмын. Деңгейіміздің қандай екенін білемін. Мұндай футбол үшін өкінішті. Әрине, бәрі үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын. Қорғаныс арқылы ойнау керек деп нұсқау бергенмін, бірақ олар біздің ойыншыларды оңай алдап өтті. Иә, көптеген ойыншылар өткен матчтан соң шаршаңқырап қалды. Бірақ бұл сылтау бола алмайды, нәтигеже өзіміз кінәліміз. Бүгінгі есеп үшін өте өкінемін.

- Қақпашылар бойынша мәселелер бар секілді ме?

- Дәл қазір сараптама жасағым келмейді. Әрине, қателер бар, бірақ мұндай сәттерде біреулерді жекелей кінәламайық. Бұл дұрыс емес әрі әдетсіз. Егер мұндай нәтижеге жол берсек – кінәлі бәріміз және бірінші орында менмін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или