Лука Модрич: Ойыннан соң Ракитичті жұбататын шығармын
«Реал» клубының жартылай қорғаушысы Лука Модрич Испания чемпионатының 33-ші туры аясындағы «Барселонамен» болатын ойында мадридтік команданың жеңіске жететініне сенімді
– Мен әлі Ракитичпен сөйлеспедім. Себебі біз бәріміз алаңсыз ойынға дайындалу керекпіз. Ойын аяқталған соң біз екеуміз әдеттегідей қол алысып, құшақтасатын боламыз. Кездесуден соң мен оны жұбататын шығармын деп үміттенем. «Барселонаға» Неймарсыз қиынға соғады. Алайда біз тек өз ойынымыз жайлы ойлауымыз керек. Менің «Реалмен» қолым жетпеген жалғыз жүлде ол Испания чемпионаты. Биылғы маусымда сол олқылықтың орны толатын шығар, - дейді Хорватия құрамасының ойыншысы.
Естеріңізге салсақ, «Реал» мен «Барселона» арасындағы кездесу ертең Астана уақытымен 00:45-те басталады. <br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или