Эсекьель Гарай ауруханаға түсті

Эсекьель Гарай ауруханаға түсті

Испания примера дивизионының 33-ші турында «Валенсия» мен «Малага» командалары арасындағы ойында Эсекьель Гарай жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

«Малага» командасының ойыншысы Сандро Рамирестің тепкен добы Гарайдың басына тиіп, аргентиналық қорғаушы есінен танып қалған. Отыз жастағы футболшы өз еркімен алаңнан кете алмады. Кейіннен белгілі болғандай ол ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, аталмыш ойында «Валенсия» сырт алаңда «Малагадан» басым түсті.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или