Каталониялық «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андреас Иньеста клубпен келісімшарт ұзартпақ.
Бұл туралы «Marca» басылымы хабарлайды. Иньестаның негізгі келісімшарты 2018 жылдың жаз айына дейін болған. Клуб оған тағы да екі жылдық келісім ұсынуға дайын екенін айтты.<br />Футболшының өзі бұл туралы ойлануға уақыт алды. 32 жастағы Андреас «Барселонада» қалған жағдайда, қосалқы құрамда қалып қою мәселесі алаңдатады. Биылғы чемпионатта Иньеста 19 ойында үш голдық пас берген.
Айта кетейік, ойыншы Барселона сапында 2001 жылдан бері ойнап келеді.