«Қайрат А» командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Қайрат А» командасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан чемпионатының бірінші лига ойындарында «Қайрат А» командасы өз алаңында «Екібастұз» командасын қабылдады.

Аталмыш кездесу тартысқа толы болды. Алматылық команда ойындағы басымдыққа ие болғанымен, кездесу барысында көптеген қауіпті  қарымты шабуылдар жіберіп жатты.

Екінші тайм да алаң қожайындарының басымдығымен өтті. Нәтижесінде «Қайрат А» командасының капитаны ойындағы есепті ашты.  Алматылық команда қорғаушысы Мұсаев қарсыластың қақпа маңындағы қарбалас кезінде гол соғатын ұрымтал тұсты сәтті пайдаланда. Осы есеп ойн соңына дейін сақталды. Екінші тайм ортасыннда қос команда ойыншылары қақтығысып қалды. Төреші бірнеше ойыншыға сары кағаз көрсету арқылы ойынды тыныштандыра алды.

«Қайрат А» - «Екібастұз» (0:0) 1:0

Голдар: Мусаев

   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или