Златан Ибрагимович мансабын аяқтауы мүмкін

Златан Ибрагимович мансабын аяқтауы мүмкін

Дәрігерлер «Манчестер Юнайтед» клубының форварды Златан Ибрагимовичтің оң тізесінің жарақатын анықтады. Футболшы спортпен қош айтысуы мүмкін. Бұл туралы Record басылымына сілтеме жасап, Tengrinews.kz жазды.

Ибрагимович Еуропа Лигасының ширек финалында бельгиялық «Андерлехт» клубымен қарымта кездесуде жарақат алған болатын. Ойын барысында 35 жастағы швед оң аяғымен сәтсіз қонып, тізесі ішке қарай бүгіліп кеткен. 

Әдетте мұндай жарақаттан кейін қалыпқа келу үшін алтыдан тоғыз айға дейін уақыт керек. Ал Ибрагимовичтің жазда «Манчестер Юнайтедмен» келісім-шарт уақыты аяқталады.

Швед шабуылшысы осы маусымда «Манчестер Юнайтед» сапында 46 матчқа қатысып, 28 гол соққан. Бұл клубта ол 2016 жылдың жазынан бері ойнап жүр. Осы уақытта ол Лига кубогын және Англия Суперкубогын жеңіп алды.

6315510c463cdd9b454735e1127aa3e3.png

37d927f37f56c215c75f63d32ec07cc2.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или