ЕЛ. МЮ «Сельтамен», «Аякс» «Лионмен» кездеседі

ЕЛ. МЮ «Сельтамен», «Аякс» «Лионмен» кездеседі

Бүгін УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде футболдан УЕФА Еуропа лигасының жартылай финалдық жұптары белгілі болды.

Естеріңізде болса, Еуропа лигасында төрт команда ғана қалды – голландиялық «Аякс», франциялық «Лион», англиялық «Манчестер Юнайтед» пен испаниялық «Сельта».

Жеребе қорытындысы бойынша жартылай финалдық жұптар мынадай:

«Аякс»— «Лион»

«Сельта»— «Манчестер Юнайтед».

Айта кетейік, жұптарды бірінші жазылған командалар алғашқы ойынды өз алаңдарында өткізеді.

Еуропа лигасы жартылай финалының алғашқы матчтары 4 мамырда, ал қарымта кездесулері 11 мамырда болады.

Финалдық матч болса, 24 мамырда Стокгольмдегі «Френдс Арена» стадионында ойналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или