«Ертіс» «Қайсарды» қапы қалдырып, ширек финалға жолдама алды

«Ертіс» «Қайсарды» қапы қалдырып, ширек финалға жолдама алды

«Ертіс» пен «Қайсар» Қазақстан кубогының 1/8 финалында тартысқа толы ойын көрсетті.

Керекуліктер бірден алаң қожайындары екендерін көрсетті. 31-ші минутта павлодарлық клуб есеп ашты. Карлуш Фонсека орта алаңда допты тартып алып, оң қапталдан Фофанаға пас шығарып берді. Өз кезегінде шабуылшы пасты голға айналдырды. «Қайсар» 65-ші минутта пенальти тебуге мүмкіндік алды. Нарзильдаев есепті теңестірді. Сақалбаев алаңнан қуылғаннан кейін «Ертіс» қарсыласын қыспаққа алады деп күтілген. Бірақ Елжас Алтынбеков қызылордалықтарды алға шығарды.

82-ші минутта Франк Джа Джедже баспен ұрып, бұрыштамадан асырылған допты қақпада тулатты. Ал, 110-шы минутта Родриго Антонио үшінші голды соғып, командасына жеңіс сыйлады.

«Ертіс» - «Қайсар» - 3:2 (1:0)

Голдар: Фофана 31, 83, Родриго 110 – Нарзилдаев 66, Алтынбеков 79

Алаңнан қуылды: Сақалбаев 73

19 сәуір, Павлодар

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или