Чемпион сүрінді. «Астана» ел кубогымен қош айтысты
Футболдан ел кубогының 1/8 финалында елордалық команда сырт алаңда «Жетісумен» күш сынасты.
Тартысты өрбіген ойын 2:1 есебімен талдықорғандық ұжымның пайдасына шешілді. Бірінші таймның басында Абзал Бейсебеков соққан допқа, Дмитрий Огайдың командасы екі голмен жауап берді. Алдымен Олег Хромцов, кейін Алексей Шакин мергендік танытып, өз командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, «Жетісу» сенсация жасап, ел кубогының қазіргі жеңімпазын жарыс жолынан шығарды.
«Жетісу» – «Астана» – 2:1 (0:1)
Голдар: Хромцов 76, Шакин 87 – Бейсебеков 5
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или