Танымал футболшы су тасқынында зардап шеккен ақтөбеліктерге көмектесті

Танымал футболшы су тасқынында зардап шеккен ақтөбеліктерге көмектесті

«Ақтөбе» клубының бұрынғы футболшысы  Самат Смақов су тасқыны кезінде зардап шеккендерге көмектесті, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.

 «Ақтөбедегі жағдайды естіп су тасқыны кезінде зардап шеккен балалар үшін қаржы аудардым. Ақшаны еріктілер арқылы жеткіздім»,- деді «Ордабасы» футбол клубының капитаны Самат Смақов.

Айта кетейік, кейін футболшының қайырымдылық ісін «Ақтөбе» футбол клубы жалғастырды. Олар №40, 26 мектептерге қажетті заттарды апарып берді. «Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары Самат Смақовтың ізімен су тасқыны кезінде зардап шеккен адамдарға көмектесті.

<br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или