«Бавария» клубының үш ойыншысы төрешіге шабуыл жасады
Чемпиондар лигасының «Реал» мен «Бавария» клубтары арасындағы 1/4 финалдық кездесуі аяқталған соң германиялық команданың ойыншылары төрешілер бөлмесінде дау-дамай бастады.
Sport.es басылымының хабарлауынша, Тьяго Алькантара, Артуро Видаль және Роберт Левандовски «Сантьяго Бернабеу» стадионының төрешілер бөлмесіне кіріп, ойында қызмет еткен Виктор Кашшай мен оның көмекшілеріне наразылығын білдірген. Футболшыларды тоқтату үшін полицейлер араласқан.
Айта кетейік, Артуро Видаль ойынның 84-ші минутында екінші сары қағазын алып аолағнан қуылған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или