Бауыржан Сәрсекенов Қытай елінің футболын дамытпақ

Бауыржан Сәрсекенов Қытай елінің футболын дамытпақ

Қазақстандық танымал бапкер Бауыржан Сәрсекенов Қытай еліне жұмысқа кетті.

Бұл туралы Вкантакте әлеуметтік желісінің GOAL.KZ парақшасы спорт журналисті Ермұхамед Мәуленнің сөзіне сілтеме жасап хабарлады.

«Бапкер Бауыржан Сәрсекенов өз елімізде лайықты қызмет ала алмаған соң, Қытай еліне кеттіЕнді жас футболшыларды сонда дайындайтын болады. 1 млрд 375 млн адамы бар алып елде футбол дамымаған. Сол миллиард адамның 1 миллион 542 мыңы қазақ екен. Ал Бауыржан ағамыз жұмыс жасауға келіскен «Іле-Қазақ» ауданында 1 млн 200 мыңы қазақ тілінде сөйлейтін қандастарымыз. Баукең дайындап шығарған футболшылар кейін ұлты қазақ болып отанымызға оралып жатса, Ұлттық құрамаға да алуға болар еді. Міне, біздегі футболдың жайы осы. Өз бапкерлеріміз шетте, шеттің бапкерлері елде», - деп жазды спорт комментаторы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или