Джон Терриге АПЛ-дың он клубы қызығуда

Джон Терриге АПЛ-дың он клубы қызығуда

«Челсидің» капитаны Джон Терри мансабын ағылшынның басқа клубында жалғастыруы мүмкін.

Кеше қорғаушы маусым біткен соң лондондық клубтан кететінін хабарлаған болатын.

Енді Терриді АПЛ-дің он клубы өз командасында көргісі келеді. Қорғаушы барлық ұсынысты қарап шығып, кейін өз шешімін айтады.

Айта кетейік, 36 жастағы Терри «Челсиде» 1998 жылдан бері ойнаған болатын. Осы уақыт ішінде 713 ойында алаңға шығып, 66 гол соққан. «Ақсүйектермен» бірге ол 16 жүлде жеңіп алды. Ал биылғы маусымда Джон Терри АПЛ-да бес матчқа ғана қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или